lat: HALYQ
зат. 1. Белгілі бір елді, мемлекетті мекендейтін адамдардың жалпы жиыны.
Ақырында, халық төреші, Жангелдин һәм ол арқылы ақымақтанған совет ісі туралы әділ төресін берді (Ә.Бөкейханов, Шығ.).
Ол көп қажеттің бірі һәм бірінші халықтың сәлеметтігі (М.Дулатұлы, Шығ.).
Қазақ халқының өткенін, жаңасын суреттеуде жазушылар жаңа көзқарас, жаңа тұрғы белгілей бастады (М.Қаратаев, Туған әдеб.).
2. Ел-жұрт, бұқара, көпшілік.
Халқын жиып, той қылып ,
Бәйгеге атын шапқызды.
Сағынып жүрген халқына,
Қолынан тамақ татқызды (Бақтыбай ақын, Жел қобыз).
Вокзал басы адам адасып кетерліктей қаптаған халық екен, іздеп жүріп, анықтама бюросын тауып алдым (Қ.Толыбаев, Өжет.).
Қайтсе де тәртіпке мойысынған адал халық қой, сәске түсте болса да қырман басына жиналатын (С.Шаймерденов, Мінез).
3. саяси. әлеу-саяси.
Мемлекеттің, елдің тұрғындары, тарих субъектісі, белгілі бір қоғамның тарихи тағдыры ортақ таптарының, ұлттарының, әлеуметтік топтарының жиынтығы.
4. Тілдік-мәдени мағынада этнос ұғымымен бір.