ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

lat: HALYQARALYQ

сын. 1. Сыртқы саясатқа, халықтар мен елдердің өзара байланысына қатысты, соларға тән.

1955 жылы халықаралық шиеленісті бәсеңдетуде халықтар арасындағы ынтымақты ұлғайтып, бейбітшілікті нығайтуда көп істер істеледі (С.Сейітов, Жылдар.).

Ол біздің жастарға халықаралық жағдайдан лекция оқып бермек болды.(З.Қабдолов, Өмір ұшқ.).

2. Көптеген халықтарға тараған, солардың арасында болатын, интернационалды.

Xалықаралық лауреаттық сыйды алған Оңтүстік Индияның қарт ақыны Валатхоло сол малаялум тілінде жазады (М.Әуезов, Индия очерк.).

Қазақ әдебиетінің осындай жоғары дәрежесіне қазақ прозасының халықаралық сахнаға шығуының өзі де айғақ (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.).

Ертеңхалықаралық әйелдер күні, кешкісін ауыл жастары колхозшыларға концерт көрсетуі керек (С.Мұратбеков, Көкорай).