ХАНДЫҚ

lat: HANDYQ

зат. 1. Ханға берілген атақ, дәреже.

Уайс 1425 жылы ғана Моғолстан тағына отырды, бірақ оның хандық өмірі өте аз болды (I.Есенберлин, Алмас.).

Бұл екі оқиғаның екеуі де Жәңгір хан болмас бұрын еді, өйткені Жәңгір хандық тізгінін 1824 жылы ғана өз қолына алды (Қ.Жұмалиев, Егеулі.).

Қазақ хандық құрған заманда сөз бастаған шешендер, топ бастаған көсемдер, нелер жүйрік ақындар болған екен («Абай» журн.).

2. Белгілі бір территорияны билеген ханның қол астындағы мемлекеттік бірлестік.

Қазір көне заман түгіл, дәл кеше өткен қазақтың алғашқы хандығын құрған Жәнібек пен Керейдің молаларын іздесең, қайда қалғанын таба алмайсың (I.Есенберлин, Маңғыстау.).

Бұл жер Жетісу қазақтарының орыс әскерімен қосылып, Қоқан хандығы бұғауын күйреткен жер (Ж.Арыстанов, Сұңқар.). Солтүстікте

Алтын хан, шығысында Жеті хошун Халханның тайшылары, батысында қазақ хандығы жатқан жоңғардың сол кездегі хал-күйі мүшкіл еді (С.Сматаев, Елім-ай).