lat: HANYM
зат. 1. Ханның әйелі, зайыбы.
Ханым асты жая-жал,
Алуа менен қосып бал.
Алдына қойып конақтың;
– Бала, мынаны,– дейді,– ал. (Бақтыбай ақын, Жел қобыз).
Аяғын суға жуды шалпылдатып,
Көпіртіп жұпар сабын бұрқылдатып.
Меруерттей отыз тісін ысып-шайып,
Бойыңды ұстасаң да шымырлатып.
Екі алма кеудесінде жарасады,
Ханымның бірі ... сықылданып (Ә.Найманбаев, Шығ.).
Көптің құрметіне көңілі толған қыздың өзі Ермекке тиіп, оны өзі хан қылып, өзі ханым болып, мұраттарына жетіпті (Қаз. ертегі.).
2. Шет елдік (немесе революцияға дейінгі кезде) біреуге қарата сөйлегенде оның фамилиясы мен атағына қоса айтылатын сыпайы түрдегі қаратпа сөз.
Сара қыз болған Тұрар ханым Қозыбағарып жәмағаты еді (М.Дулатұлы, Шығ.).
– Мархамат етіп, біздің сұлумен танысып қойыңыз, естуіңіз бар шығар Қайырниса деген ханым осы кісі (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті.).
Ләтифа ханым толық денесіне әркез нәзіктік көрсетіп, келіншекше майысты (Т.Әлімқұлов, Шежіре.).