lat: HAT
зат. 1. Біреуге немесе бір мекемеге хабар жіберу үшін жазылып қойылған не жөнелтілген мәтін.
Хат жаздым қалам ұстап сәулем сізге,
Болады жігіт құмар нұрлы жүзге.
Кісідей жаман-жұман жалтақтамай,
Шырағым, жақсы жауап берші бізге (Ә.Найманбаев, Шығ.).
Гауһар майданда жүрген Серәліге үзбей хат жазып тұрды (Т.Ахтанов, Махаббат.).
Мен сіз екеуміздің атымыздан обкомға мынадай хат жаздым, оқыңыз да қол қойыңыз (Ә.Әбішев, Замана.).
2. Сөз ретінде қағаз бетіне түсірілген графикалық таңбалардың жүйесі, жазу.
Ертегі болмаса да хатта қалған,
Аузында шежіренің, қартта қалған.
Қарттардың баян қылған әңгімесін,
Есіткен кейінгілер жаттап алған (С.Сейфуллин, Өлеңд.).
Бірақ ерте кезде жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған (М.Ғабдуллин, Қаз. ауыз әдеб.).