ХАТЫМ

lat: HATYM

[ар.] зат. діни. Белгілі бір шараның қарсаңында діндарлардың құранды түгел оқып, аяқтап шыққан кезі және соның құрметіне берілетін ас-су, қатым.

Мына Ақтастағы Артықбайдікі хатымға шақырған екен, соған жүргелі жатыр едім, деп молда әлгі кітаптарын ескілеу ақ орамалға түйіп, сыртын жіппен шанши бастады (М.Тоқжігітов, Куәгер).

Xатым күндерінде Қари мені қасына алып отыратын болды (С.Мұқанов, Менің мектеп.).