lat: HIRÝRG
зат. Хирургия маманы, оташы.
Мұндай жағдайларда хирург тез операция жасап, тромбаны алып тастайды (А.Даиров, Хирург.).
Соны жіті ажырата алмаған басшы, операцияны өткізіп алған хирург іспеттес, – деді Мәжит егін орағы кезінде Айсинді шақырып алып (Ә.Қалмырзаев, Ар).
Темір жол ауруханасына Ұзақбай хирург болып келгелі алты жылдың ішінде мыңнан аса операция жасағанымен дәл бұлай қобалжымаған екен («Лен. жас»),