ХОР

lat: HOR

зат. муз. 1. Вокалдық музыканы қосылып орындайтын әншілер тобы.

Мен Свешников басқаратын хорда әнші едім, қол бос кезінде нота көшіретін кәсібім бар еді (И.Жақанов, Екі жирен).

Алаңда екі жарым мың адамнан құралған хор жиналған жұртқа ән шырқап берді (Қ.Қайсенов, Сол бір.).

Бүгінгі жастар мерекесіне астананың өнер коллективтерінен құралған үлкен хор ән салады (С.Мыңжасарова, Замандас.).

2. Әншілер тобының орындауы үшін жазылған көп дауысты музыкалық шығарма.

Тәжік искусствосындағы тағы бір ерекшелік оның әндері де,хорлары да, билері де тәжік халқының бай өмірін көрсетеді (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.).

Ұлы драматург Софокл хорға сөз жазады, ал атақты философ Аристотель асыл сөз, терең ойлар арқылы дамыта түседі (Қ.Бадыров, Естен кетп.).

Мен жаңа ашылған «Жалын» баспасынан қазақ хорлары жинағы кітап болып шығатынын оқып білдім («Лен. жас»).