ХОШ

lat: HOSH

зат. Көңілдің жан сүйсінерліктей жай-күйі, ықылас-зауқы.

Дәл қазір оған қол ұшын берерлік Хакімбектің хошы болып тұрған жоқ (М.Рахманбердиев, Ақ тілеу).

Қодырайып шамалы отырып еді, хошы болмады, кеңсе де кісісімен көрікті ме, қалай? (К.Ахметбеков, Алқакөл).

Олай болса, байтақ елді осы бір,

Екеуміз де бірдей сүйген екенбіз.

Олай болса, көңілінің хошы бір,

Ағайын боп аталмаппыз бекер біз (I.Мәмбетов, Сыр.).