ХРАМ

lat: HRAM

зат. 1. Құдайға құлшылық ету үшін салынған ғимарат, шіркеу.

Венеция теңіз ортасына салынған, барлық үйлерін, көпірлерін, храмдарын мрамормен қаптаған қала (Ғ.Мүсірепов, Достық.).

Бір мың екі жүз жылға таяу тұрған храм қазір тозған, қабырғалары мен колонналары әбден мұжылып, ою-өрнектерінің бедері кеткен (Т.Ахтанов, Үндістан.).

Митра деген әулиеліхрамға бірі даусыз оң аяқпен кіру керек десе, екіншісі жоқ, сол аяқпен кіру керек десіп, жақ-жақ айтысады (О.Бөкеев, Мұзтау).

2. ауыс. Жоғары оқу-білім, ғылым ордасы.

Бүгінгі ғылым храмында отызға тарта зерттеу институттарының қызметкерлері өнімді еңбек етуде («Лен. жас»).