ХРОМ

lat: HROM

зат. Былғарының жұмсақ, жұқа түрі, сұрыбы.

Мұраттың түрі жинақы, тап-таза қырынып алған, хром етігін де жылтырата тазалаған (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.).

Қара қоңыр шибарқыттан делдиген галифе шалбар, сырт жейде тіккізген, аяғында сықыр-сықыр еткен жаңа хром етік (Б.Соқпақбаев, Өлгендер.).

Тіпті оған Жидебайдың өзінен бұрын хром етігі мен тік жағалы ақ жібек көйлегі ұнаса керек (А.Хангелдин, Ғани.).