lat: HRONIKALYQ
сын. Хроникаға қатысты, соған негізделген.
Автор хроникалық тәртіппен оқиғалардың ең ұрымталдарын сұрыптап алғанда, ұлы шеруге жұмылдырған ірі тарихи жағдайлардың шығу төркініне назар аударады («Қазақст. мект.»).
Түрксіб құрылысынан түсірілген хроникалық фильм көрермендерге қатты ұнады (С.Сейдеханов, Түркстан.).