Халықаралық сот

lat: Halyqaralyq sot.

заң. Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі сот органы. [1945 жылы құрылған. Орналасқан жері Гаага қаласы].

БҰҰ халықаралық сотының ұйымдастырылуы, құзыреті мен процедурасы БҰҰ Жарғысының ажырамас бөлігін құрайтын оның Статутымен айқындалады. БҰҰ-ның барлық мүшелері осы Статуттың мүшелері болып табылады. БҰҰ-ның халықаралық соты, сондай-ақ өзінің қызметтік міндеттері мен сот жүргізу ережелерін айқындаушы регламентін қабылдайды (Заңи терм. түсінд. сөздігі).