Ойын аты: Көпшілік бір ойыншыны хан, екіншісін уəзір сайлайды. Уəзір ойыншылардың бірінен «Хан қандай?» деп сұрайды. Ол жауап береді. Уəзір оны көпшілікке дауыстап хабарлайды. Соңында уəзір ханнан: «Хан ием, кімнен қорлық көрдіңіз?»деп сұрайды. Хан атаған адам жазаға тартылады. «Хан қандай?» ойынын үйде, далада ойнауға болады (Ө.Жолымбетов, Айгөлек, 82). Ойын созыла береді. Хан қалай?, белбеусоқ, тақия жүгіртпек, сақина тықпақ, мыршым, ондай қылма-мұндай қыл, лəпи молда, қалдырма қақи, балтамтап... (Ж.Аймауытов, Шығ., 384). Ақыры сол көп ойынның екеуі – «Хан қалай?» мен «Көрші-көршіге» біржола тұрақтады (М.Мағауин, Қиянда., 92).