ХЕМОСОРБЦИЯ

lat: Hemosorbsıa

зат. кен. Қатты заттардың бетінде заттардың химиялық қосылыс түзіп, шоғырлануы.

Бұрын газдардың сұйық не қатты заттармен химиялық реакциясы хемосорбция деп аталатын (Қаз. тілі термин. Кен.).

Хемосорбцияланған зат және сорғыштың кристалдық торы бірлескен квантомеханикалық жүйе түзеді, демек кристалдық тордың электрондары химиялық әрекетке тікелей қатысады (Қаз. тілі термин. Кен.).