ХОЛДИНГІЛІК

lat: HoldıńİLİK:

холдингілік компания. а) Заң жүзінде дербес фирмалар немесе банктер акцияларының бақылау пакеттерін иеленуші акционерлік қоғам.

Холдингілік компания басқа фирмалардың операцияларын бақылау мақсатымен құрылады. Холдингілік жүйе бір орталықтан басқару арқылы мүдделер мен қызмет салалары бойынша айтарлықтай өзгешеліктері бар стратегиялық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді (Қаз. тілі термин. Экономика.).

Бұл орайда холдингілік компания тікелей өндіріспен, өнімді өткізумен (жұмыстарды орындаумен, қызмет көрсетумен) айналыспай-ақ, экономиканың түрлі салаларына тиесілі және тікелей өндірістік кооперациямен байланысы жоқ кәсіпорындарды біріктіре алады. Компанияның міндеті бүкіл жүйенің және жеке алғанда әрбір буынның қызметін бағыттау, бақылау, олардың пайдасын оңтайландыруға қол жеткізу. Холдингілік компания түрлі ұйымдық нысандарда: жауапкершілігі шектеулі қоғам, жекеше және мемлекеттік компаниялар нысанында болуы мүмкін (Қаз. тілі тенрмин. Экономика.)

2. Басқа компаниялардың қызметіне бақылау орнату және дивиденд түрінде табыс алу мақсатымен капиталы көбінесе олардың акцияларының бақылау пакеттерін сатып алу үшін пайдаланылатын акционерлік компания.

Өзінің құрылымы жағынан трестке жақын, бірақ кәсіпорындардың холдингілік компанияға бірігуі тек қаржымен ғана шектеледі. Холдингілік компанияны акциялар пакетін ұстаушы және төменгі, аралық компаниялар арқылы әрекет етуші компания басқарады (Қаз. тілі термин. Экономика.).