lat: Holdıń
[ағыл. holding – жалға алынған телім, актив, кәсіпорынға қатысудан туындайтын құқықтар] зат. экон. Тәуелді және еншілес компаниялар акцияларының бақылау пакеттерін иеленуші басты компания, заңды тұлға.
Концерннен өзгеше түрде холдингте мүшелердің арасында бәсекелестік болады (Қаз. тілі термин. Экономика.).
Түрлері: таза холдинг – фирманың негізгі 100%-дық қызметі қаржы қызметінің алуан түрлі салаларына қатысты (бағалы қағаздарды сатып алу-сату, еншілес фирмалардың ақша тасқынын үйлестіру, несиелермен және қарыздармен операциялар жасау), оның меншікті өндірісі болмайды; аралас холдинг қаржы қызметінен басқа өндірістік қызметті де жүзеге асырады (Қаз. тілі термин. Экономика.).