Ю

lat:

л и н г в. Қазақ тілінде бірнеше дыбыстың тіркесін белгілейтін қазақ әліпбиінің қырық бірінші әрпі. а) Ю сонант “й”+жуан, еріндік, қысаң дауысты “ұ”+сонант “у” үшеуінің тіркесі, мыс., жазылуы ою, құю; айтылуы ойұу, құйұу; ә) сонант “й”+жіңішке еріндік, қысаң дауысты “ү”+сонант “у” үшеуінің тіркесі, мыс., жазылуы үю, күю, айтылуы үйүу, күйүу, б) орыс тілінен енген сөздер мен халықаралық терминдердің құрамында сонант “й” мен еріндік, қысаң “у” дыбысының тіркесі, мыс., жазылуы юмор, юрист, орыс тілінің заңдылығына сәйкес айтылуы йумор, йурист (Қаз. тілі. энцикл.).