ЮНЕСКО

lat: IýNESKO

Ағылшын тіліндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым, мәдениет саласындағы бөлімі дегенді білдіретін аббревиатура қысқарған сөз. 1945 жылы 16 қарашада құрылды. Ю Н Е С К О Жарғысы 1946 ж. 4 қарашада күшіне енді. Ю Н Е С К О-ның мақсаттары: идеялар және ғылыми, мәдени саладағы жетістіктермен еркін алмау арқылы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға жәрдемдесу: білім беру жүйесін жетілдіру; әділеттілікті, адам құқықтарының заңдылығын құрметтеуді қамтамасыз ету мақсатында халықтардың білім және мәдениет салаларындағы әріптестігін кеңейту (ҚҰЭ).