lat: IİS
зат. Әрбір заттың ауаға тарайтын, адамның, жан-жануарлардың иіс сезу мүшелері арқылы сезілетін ерекше қасиеті .
Есіңде ме? Сонда сен байқадың ба?
Дір еттім, жанарыңнан тайқадым да.
Сол күні раушанның өзін емес,
Иісін сыйлағансың қайтарымда (2,268).
Бір керемет күтіп мына жалғанда,
Жас сәбидей бос қиялға алданған.
Туған жердің түтін иісін жұтсам бір,
Марқұм болған ата-анамды құшсам бір,
Амалым не, арылар ем арманнан (4,36).