ИІСКЕ

lat: IİSKE

ет. 1 . Мұрын арқылы иіс сезу, иіс алу .

Сырласайық, қызғалдақты иіскеп ,

Бір жасайық, қыр басайық,

Әмсе бұлай мамырдың тұрмас айы.

Мұңдасайық. Қос көңілдің пернесін бір басайық (2,94).

Жүрегімнен қарт сөзі шоқып алып,

Тұр едім мен ызаның оты жанып,

Жем иісін сезгендей құла құнан ,

Иіскейді кеудемнен оқыранып (1,259).

2 . ауыс. Балаға мейірлену, емірену, құшағына алу .

Кіршіксіз сәби жатса тек,

Жұп-жұқа беті үлбіреп.

Бақытты менің жаным деп,

Иіскеп те ана үлгіред (1,74).

Таста тұнған тамшының сынабынан,

Татып көрсе таудың да бұлағынан,

Бір кезде өзің иіскеп қоюшы едің,

Тартады енді біреулер құлағынан (2,34).