lat: IA SIN
(Жасын) — Құранның 36-сүресі, бұл басында тұрған араб алфавитінің йа және син деген әріптер негізінде алынған. Кейде оны йа инсан — "0 адам!" деген сөздің қысқарған түрі деп те түсінеді. Дегенмен, осы және көптеген сүрелердің басында тұратын басқа да әріптердің тура мағынасын мұсылман дәстүрі де, ғылым да анықтай алмай отыр. Иа Син сүресі адамдардың дене ауруы зардаптарын жеңілдетеді, сондықтан да дүние салғалы жатқан адамның басында, болмаса ораза кезінде оку керек деген ұғым бар. Оны адам өлгеннен кейін де оқиды. Иа Синды жазып алып, бойтұмар етіп тағып жүреді. Аңыз бойынша Мұхаммед оны 'Құранның жүрегі" деп атаған делінеді.
Сүре Мекке дәуірінің орта тұсына сабақтастырылады да, құрандық діни уағыздың негізгі айтар ойларын қамтиды. Оның ішінде: Мұхаммедті мойындаудан бас тартатын дінге сенбейтіндерді сөгу және көптен бері пайғамбарды құпия түрде қолдаушыларға көбірек сенім білдіру арқылы оған жалбарыну. Сүреде Құранға тән Алла тағаланың құдіреттілігін дәріптейтін дәлелдер бар, яғни ол жер бетінде бар дүниені жаратушы екендігі, онан өлгендерді тірілту қабілеттілігі, Нұх кемесіндегі адамдарды құтқарып алуы, Қиямет қайым, жұмақ, тозақ қысқаша түрде сипатталған, соңында Алла тағаланың құдіреттілігі баса дәріптеледі. Иа Син сүресінің ерекшелігі оның адам мен табиғатты тірілтіп алу қабілеттілігіне байланысты болуы әбден ықтимал.