ИГІ

lat: IGİ

сын. 1. Ізгі, жақсы.

Осынау игі кең жерге,

Наурыз айы келгенде.

Наурыз тойын бергенде,

Көрмегендер де арманда,

Арманда оны көрген де.

Келіп ем өмір-орманға,

Наурыз айы келгенде (3,276).

Итаршысы өңшең дөкей жандардың,

Жапырақ жайған жарығына жалғанның.

Игі нұрын күн жасырар, түн келер,

Жалтыраған күнбағарлар бірге өлер (4,19).

2. Қайырымды, мейірімді.

Игі жанды екеуге, сірә, мойын бұрған ба,

Менмендік пен күншілдік, озбырлықтар бұл маңда.

Мәңгі-бақи қалғымай, ұшқын атып тұрғанда (5,32).

3. к. ет. Етістіктермен тіркесіп келіп, қалау, тілек мәнін білдіреді.

Жыл келді,

Жақсылықпен өтсе игі еді.

Жоғалып жамандықтар кетсе игі еді.

Аңсап жүрген, жете алмай шаршап жүрген

Ақ қанат қуанышым жетсе игі еді (3,41).

Көзіне Арман жас алып,

Маңдайы шып-шып тершиді,

Балауса егін бас алып,

Бадана дәнін берсе игі (2,315).