lat: INE
зат. 1. Киім-кешектерді тігу үшін қолданылатын, асыл темірден жасалған, көзі бар, ұшы үшкір, жіңішке құрал.
Абайлап кеп қарайды, бірін-бірі түйгелі,
Бір нүктені тесіліп қас-қабағы үйіреді,
Тігіншідей қартайған сабақтаған инені (5,70).
Ал мына бір күнәкарлар жоқ пәлемен санасқан,
Шөлмек, ине, ұршығын ұмытқан да, бал ашқан;
Шөп қайнатып, балшықтан қуыршақ жасап, таласқан (5,96).
2. мед. Аурулардың денесіне дәрі енгізу үшін қолданылатын, ине тәрізді, іші қуыс құрал.
Керегі жоқ, керегі жоқ, Керегі жоқ бәрінің!
Иненің де керегі жоқ, Керегі жоқ дәрінің! (3,68).
Сырқат жанға келеді де, халін сұрап ізетпен,
Инесімен шипа құяр сәл-пәл ғана тыз еткен.
Аңдып тұрған азуы алты қарыс ажалдан,
Сырқаттанған байғұстарды күні-түні күзеткен (3,75).