2 ш ы л. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелерді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып тұратын «не», «немесе» дегендер тәрізді талғау мәнді шылау сөз. Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар «Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді…» (Абай, Тол. жин.). Ойында жоқ бірінің Салтыков пен Толстой. Я тілмаш, я адвокат Болсам деген бәрінде ой (Абай, Тол. жин.). Оның ұйқтап отырғаны, я ойланып отырғаны мәлім емес (М.Әуезов, Абай жолы). Я базар, дүкен, пәтер қай орында, Жүргейсің жолдасыңмен бірге,– деді. Қартқа айтты Амангелді: – Өзіңіз кім? Барамын кім көрдім деп елге?– деді (О.Шипин, Дастан.). Әуелі не дерін ол біле алмады, Жас Әли я жылап, яки күле алмады. Қақпада үнсіз-тілсіз қалды қатып, Сол үйдің иесінен сыр алғалы (О. Шипин, Дастан.). Бар еді бір атадан төрт-бес түтін, Ағайын бірде жарты, бірде бүтін. әлдісі сол атаның малға жұмсап, Қолымды босатпайды я күн, я түн (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Бірақ сендер қадірді білмейсіңдер, Есік ашып үйлерге кірмейсіңдер, Өлім, өмір алысқан шақтарында Я жылап, я бір күлмейсіңдер (С.Мәуленов, Алыс кет.).