Я

lat: Ia

3 ш ы л. 1. “Ей” мағынасында қолданылатын одағай. Бір істі бастар алдында айтылады. Я, сәт, әумин! Айтқаның ақ болсын! (М.ә). Я, шариялар Я, пайғамбарлар, я шариялар…я әулиелер! Жолдарыңа боз қасқа, ақ сарбас айттым. Қолдай гөр, медет бере гөр! (Ж.Аймауытов, Шығ.). Я, Алла, құрметіңе достың Махмұт, Тілге яр бер, берілсін тұғры мақсұт. Арун-Рашид халифа заманында, Бағдатта бір жігіт бар, аты Масғұт (Абай, Тол. жин.). Зар қылып тілеймін Рахметін Алланың. Елжіреп жылаймын, Көңлін аш пенденің. Сыйқатын қалқама бере гөр, я, рахим. Тілегім бұл ғана, Қайғымды қыл шағын (Абай, Тол. жин.). 2. Құйт, мейлі деген сөздермен мәндес шылау сөз. Демеймін мені мақтасын, Я жақсын, я жақпасын. Сүйтсе де мұндай сыншыдан, Құдайым бізді сақтасын (Абай, Тол. жин.).