ш ы л. Не болмаса, немесе, яғни. Ақыл жоқ, қайғы жоқ онда, Ісі жоқ – теріс пе, оң ба? Тіленіп, телміріп ізденер. Тиын ба, я к и бір сом ба? (Абай, Тол. жин.). Ол ауылдан бұл ауылға, болмаса сөз аңдып, қулық, сұмдықпенен адам аздырмақ үшін, я к и азғырушылардың кеңесіне кірмек үшін, пайдасыз, жұмыссыз қаңғырып жүруге құмар (Абай, Тол. жин.). Бұл жерде ашып сөз сөйлеу я к и ойын айту орынсыз болар деп ойлаған Задабек сөз қозғаған жоқ (С.Бегалин, Уақыт.). Төр жақтағы столдар жалғастырылып біреу я к и алған сыйлығын атап өтіп жатты (Ж.Молдағалиев, Ескі.). Ертесін бай ма, басқа ма, Бәйбіше, я к и тоқал ма, Тіл тиетін жасқа да, Тіл тиетін сақалға (М.Мақатаев, Шығ.). Әуелі не дерін ол біле алмады, Жас Әли я жылап, я к и күле алмады. Қақпада үнсіз-тілсіз қалды қатып, Сол үйдің иесінен сыр алғалы (О.Шипин, Дастан.). Құда, я к и алашша айтсақ, Кұдайдың Құрметінен құр қалғанға жылаймын. Сен әулие бұлақтайын мөлдірсің, Қақтан таяз шалшық түбі – лаймын (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).