lat: Iilip sálem berdi.
а) Үлкенді құрметтеуінің, мойындауының белгісі ретінде тағзым жасап, басын төмен түсіріп, тізесін бүгіп амандасты.
Сондықтан сізге келгенім,
Қағбаға тауып еткендей
Иіліп сәлем бергенім (Бес ғасыр.)
ә) этн. Келіні қайын жұртының үлкендеріне құрмет көрсетіп, тағзым жасап, тізесін бүгіп амандасты.
Сыйлы ата-ене, қайын ағаларына көріп қалғанда келіні оларға иіліп сәлем қылады (ҚҰЭ).