lat: JÁNE /65/
шыл. Екі сөздің арасын жалғайтын жалғаулық шылау .
Тұрмысқа қажет табатын,
Беретін және алатын,
Мезгіл де болып қалған ба,
Алатын жерге баратын?!
Таусылмас менің тағатым
Соға бер, Соқ, соқ, сағатым! (3,6).
– Туған жерің? – Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
– Туған жылың? – 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
– Жынысың кім? – Еркекпін ғой, еркекпін! Және дағы тәуірмін (3,235).