ЖҮЙКЕ

lat: JÚIKE

зат. Нерв талшықтарының жүйесі; құйқа тамыр.

Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам,

Бұл күнде сымдай тартылған.

Лүп етіп самал соқса да,

Ызыңдап қалар антұрған (3,146).

Айбын, ашу, жоқ менде адам қанау,

Менде жоқ жағымпаздық, табан жалау.

Менде төзім, сірә да, жүйкем менің

Өгіздің терісінен жаралған-ау (2,366).