ЖҮНІС

lat: JÚNİS

Құран кейіпкері, пайғамбар, сондай-ақ сахиб әл-хут және зу-н-нун деп аталады; Құранның бір сүресі оның атымен аталған. Түсініктемелер мен аңыздарға қарағанда Жүністің Ирактың солтүстігіндегі Найнауада бір құдайға сиынушылықты уағыздауы сәтсіз болған көрінеді. Ол өз ісінің қиыншылықтарына шыдай алмай, кемеге жасырын тығылып, қашуды ойлайды. Бірақ кеме орнынан қозғала қоймайды, ол кемеде қашқынның бар екендігінің белгісі еді. Жеребе көрсеткендей, бар кінә Жүністе болғандықтан, оны теңізге тастайды. Суда үлкен балық Жүністі жұтып қояды. Киттің құрсағында аман қалған Жүніс Алла тағалаға сенімсіздік білдірген кінәсін мойындайды да жалбарынады, сөйтіп, аман қалады. Жағада қалып, әбден жүдеген Жүністі шөл далада бөкен қоректендіреді. Құранда Жүністің есімі бірден аталмайды, оның алдында сахиб әл-хут, зу-н-нун сияқты суреттеме ескертпелер аталады. Әңгіменің сипаты, яғни әңгіме желісінің қысқаша баяндалуы бұл хикаяның тыңдаушыларға өте танымал екендігін көрсетеді. Бұл жөнінде Құранда берілген ерекше түсініктеме де куә бола алады. Болжау аңыздарының Құран желісі бойынша, Жүніс уағыздаған қаланың тұрғындары сенімсіздік танытқандары үшін қырылып қалуы керек еді, іс жүзінде олай болмаған. Әңгіме таураттық аңызға ұқсас келеді, сонымен қатар христиандық ортада таралу белгісі де сақталған. Пайғамбардың қылығын айыптау себептері Жүніс туралы аңызды пайғамбарлар жөніндегі көптеген Құран аңыздарынан ерекшелендіріп тұр, оның негізгі идеялары Алла тағала сенімділік білдірген адамдарды емес, қайырымдылық пен құдіреттілікті уағыздаған пайғамбардың өзін жазаға тарту еді. Бұл аңыз тікелей Мұхаммедті шыдамдылық танытуға үгіттейтін нақты мысал ретінде пайдаланылады, яғни "құдіреттің шешімін күте тұр, киттің серігі сияқты болып жүрме!" деген екен. Сопылар үшін Жүніс дене талпыныстарына қызығатын жүрек символы іспеттес.

Қазіргі кезде Иракта, Мосул қаласының қасындағы көне Найнауа қалдықтарында орналасқан Жүністің “қасиетті” бейіті кең танымал болып отыр.