ЖҮН

lat: JÚN

зат. 1. Жан-жануарлар терісінің сыртын жауып тұратын түк, талшық. Жабағы жүнін тастаған арық-тұрақтай халық жаңа ғана көтеріліп келе жатқанда, соғыс барлығын да жайпады (4,134).

Қанжар тырнақ қос табанын желкілдеген жүн басқан,

Арқа, бүйір, қарын, қаптал әсем шұбар түрлі асқан;

Әлем-жәлем әшкейлі әр түспенен жымдасқан (5,79).

2. Қой-ешкінің, түйенің қырқып алынған талшығы.

Ұйықтасам, түсіме ылғи тау кіреді,

Тау жайлап, тау қыстаған шал жүреді.

Басында ақ қалпағы, жүннен шекпен,

Астында балпаң басқан Сал күреңі (3,108).

// сын. Жүннен тоқылған (орамал). Жүн орамалын жүре байланды да, Маруся көшеге шықты (4,190).