ЖҮР /304+483/

lat: JÚR /304+483/

ет. 1. Аяған алға қарай жайлап басу арқылы бір жерден екінші жерге кету.

Дәл осы көшеменен кім жүреді,

Он жылдар, жүз жыл өтер, кім біледі.

Оны тек сол шақтағы күн біледі!

Оны тек сол кездегі түн біледі

(Бұлардың уақытпен бір жүрегі) (3,224).

«Түсеміз біз дүниеге тас қараңғы шарқ ұрған,

Деді ақын, өңі құп-қу, өзегінде салқын қан,

Алдыменен мен жүремін, сен ересің артымнан» (5,20).

2. Бір жаққа қарай сапар шегу, жолға шығу, бет алу. Ол мектеп бітіріп, Москваға оқуға жүргелі отыр (4,244).Асханаға біраз аялдап, сағат төрттің шамасында жүрмекші болдық (4,117).

Қарсыдағы Кассий ғой, талпақ, мығым денелі,

Уақыт болды жүрейік, түн салбырап келеді,

Билігіміз жоқ біздің, көрдің, болса керегі» (5,162).

3. Бір жерде, ортада болу.

Нөсерлетіп кеше сендер келгенде,

Мынау өлке той жасаған сендерге.

Міне, бүгін қарсақ жортып барады,

Сендер жүрген дөңдер менен белдерде (3,43).

Басқадан көрмегенді сенен көрем,

Сен биікте жүрсін деп, төмендегем.

Кім екен мені өзіңе дуалаған?!

О, тоба! Мен неғылған өлермен ем! (3,171).

4. Еш нәрсеге алаң болмай, өзімен-өзі болу.

Алаңсыз жүрген жарларға,

Айрылысар шақ та таянды.

Жүз рет қалғып Ақжан да,

Жүз рет шошып оянды (2,313).

Тебіренбей қалайша айта аларсың,

Бейқам жүріп қалайша жай табарсың,

Келешек ұрпағымда Матросов,

Бүгінгі Бабанский қайталансын! (3,143).

5. ауыс. Өмір сүру, тіршілік ету.

Сәулем, саған жаздым хат,

Жүрсің бе есен, көңіл шат?

Жас жүректің толқыны,

Тек өзіңе аманат! (1,55).

Не десең, о де!

Ақыры маған бір өлім!

Осылай жүрдім,

Осылай жүрмін ,

Жүремін!

Басқадан ба әлде сенен бе ажал?

Білмеймін.

Неден де болса, өлетінімді білемін (2,92).

6. ауыс. Көңілдері жақын болу, сыр алысу. Екінші курста, үшінші этаж, жетпіс екінші комнатада тұрғанында, жүрдің ғой Асанмен? Жүрдің ! (4,221).

7. Есінде бар, сақталған; ұмытылған жоқ.

Арманың әлі менің жүр есімде,

Бар санам сағынышпен күресуде.

Апырау, қайда менің махаббатым,

Ақ қайың, айтшы маған білесің бе? (1,148).

Сән түзеген Есілдің өңірінде,

Ақ қайыңдар әлі жүр көңілімде.

Ерекше еді ол жердің көлі мүлде,

Ерекше орын алып жүр көңілімде (3,18).