lat: JÚR /483/
к.ет. Көсемше тұлғалы негізгі етістіктермен тіркесіп келіп, оған осы шақтық мағына үстейді.
Сөнбейді, әже, шырағың!
Арналады саған бұл әнім.
Бойыңда сенің тұмарың,
Ұшып жүр жалғыз қыраның.
Сөнбейді, әже, шырағың! (3,66).
Дегеніңнің бәрін де жасап жүріп,
Көрсетпеймін зәредей асау қылық.
Сенің ғана ырқыңа бас алдырып,
Бұға берем... Неғылған жасандылық! (3,171).