ЖҮЗІМ

lat: JÚZİM

жүзімдер тұқымдастарына жататын екпе жемісті бұта өсімдіктер туысы. 60-70 түрлері бар. Олар, негізінен, Солтүстік Америкада, Еуразияда өсіріледі. Жүзімнің 8000 қолдан өсірілетін сорттары бар. Жемісінде қант, органикалық қышқылдар, С, В витаминдері бар. Жүзімнен мейіз, шырын, шарап, т.б. өндіріледі. Қолдану ретіне байланысты жүзім сорттары асханалық, шарап жасайтын, кептірілетін болып бөлінеді.