ЖҮЗІМ ШАРАПТАРЫ

lat: JÚZİM SHARAPTARY

арнайы жүзім шырынынан кейде оған хош иістендіретін заттардың қосылуынан ашытылып алынатын өнім. Жүзім шарабы дайын өнім ретінде қолданылады. Француз, итальян, испан, португалия, молдова, румын, венгр, болгар, армян және грузин асханаларында кеңінен қолданылады. Жылудың әсерінен спирті ұшып, қалғаны тағамға дәм береді. Мысалы, су қосылған аз мөлшердегі құрғақ шарап, балық қайнатқанда, оның иісін жақсартады. Қышқыл қызыл шарап тағамның дәмін жақсартады, сондай-ақ оның дайындалуын жылдамдатады. Бір шай қасық шарап компотқа қосылып 5-7 минут қайнатылса оған хош иіс береді. Францияда, Испанияда, Португалияда және Грекияда шарапты қайнатып, суытылған сумен қосып ішеді.