ЖУЫҚТА

lat: JÝYQTA

үст. 1. Жақын арада, таяу кезде (уақыт).

«Естігенді есте сақта, деп бұйырды ол, суытпа,

Тағдырыңның қатерлі сен ақиқатын ұмытпа,

Мына жәйтті түйініп ал кездесетін жуықта (5,51).

2. Жақын жерде, таяу маңда (қашықтық).

Әйткенменен, қаласаң, шығам десең, алайда,

Мына біреу дуалда жатқан ізге қарайла,

Жуықтағы жотаға апарады ол қалайда (5,100).