lat: Júrekshe
зат. геогр. Жүрек пішіндес дөң (биіктік).
Біз сол бетімізбен астыңғы жақтағы жүрекшеге шықтық (М. Етекбаев, Жомарт жаз, 70).
Лагерь жүрекшенің үстінде екен (Н. Қазыбеков, Дала., 54).
Байқап қарасаң, жүрекке ұқсайтыны рас екен. Осындай ұқсастығына бола халқымыз мұндай жерді жүрекше деп атайды (Бұл да).
– Лагерь содан кейінгі жүрекшенің үстінде, – деді (Бұл да).