Жуып шайды

lat: Jýyp shaıdy

Еш жаманат келтірмей ақтады, өзіне де, басқаға да сөз келтірмеді.

Ботажан жаңағы бір ашулы сәтті жуып шайғысы келіп қолтықтай жөнелді (Ә.Әбішев, Ғаламат).

Абзал әзілмен жуып шайғысы келіп еді, Дәмелі түксиіп жадырай қоймады (Ә.Әбішев, Жас түлек.).