lat: JİBİT
ет. 1 . Мұзды (тоңды) еріту .
Алатау ашып тастап гүл кілемін,
Мұртына мұздақ қатып тұр, білемін.
Тым құрыса леппен біз жібітейік ,
Ерітейік мұртының сүңгілерін (1,281).
2 . ауыс. Құрғап тұрған нәрсені жұмсарту; шөлін қандыру .
Шөлім неге, шөлім неге қанбайды?
Тәтті де іштім, ащы да іштім, нанбайды.
Жүрек нені, жүрек нені талғайды?!
Қыр басында отыратын ауылдың
Қымызымен жібітер ме ем таңдайды (2,63).