lat: JİBEK
зат. 1 . Беті жылтыр әрі жұмсақ келген қымбат мата .
Сәл толқып барып, жібектің бір тал жібінше,
Бұйығы келін бұралып, біраз кідірсе,
Зайыбы жақтан бір белгі сонда білінсе,
Ошаққа қарай оттығын ала жүгірсе (2,36).
// Жібектен жасалған .
Басымызда папаха түбектей боп,
Қыз алдында тұрмадық шіреп сөйлеп.
Би билеп түлкі тұмсық бәтеңкемен,
Тәнімізге ілмедік жібек көйлек (2,339).
Жібек жіппен бұрышына жазылыпты екі есім,
Аңтарылдық көрдік тағы құпияның көкесін (1,307).
2 . ауыс. сын. Жұмсақ, майда, биязы .
Ей, менің нұрлы ғұмырым!
Жастығым, мөлдір тұнығым.
Ей, менің қыздай қылығым!
Төгіліп жібек тұлымың.
Бойыңды басып бұрымың,
Қай жерде жүрсің, құлыным! (2,236).
Жазы жібек , ал күзі алтындана,
Жатыр ма әлі жазира салқын дала?
Қос бұрым, қолаң шашы білектей боп,
Айна жеңгей баяғы қалпында ма? (2,341).