lat: JAÝDYR
ет. 1 . Қар немесе жауын жауғызу .
Ойым – қыс, жүрегім – жаз, көңілім – көктем,
Басым – бұлт, қар жаудырып , нөсерлеткен.
Қамқоршым – қағаз, қалам, жүйрік қиял,
Жабырқау жас жүректі еңіреткен. Яу! (1,39).
2 . ауыс. Үсті-үстіне қаптату, төпелету .
Сүйсінетін соп қамшы ысқырғанда,
Құмар еді құлшына күш қылғанға.
Іштей нелер қарғысты жаудырамын ,
Тәңірінің таяғы түскір жанға (1,260).
Көрсін де жүрегімнің аққан қанын,
Ақ қағазда жол-жол боп жатқан дағын.
Байқап бір қарасын да іздегендер,
Жаудырсын мақтауларын, даттауларын (3,250).