ЖАҢАЛЫҚ

lat: JAŃALYQ

зат. 1. Жаңа ақпар, жаңа хабар .

Менде жаңалық бар,

Бану... қандай дейсің ғой? (4,233).

Жайдары, күліп қарсы алды.

Алматының жаңалығын айтты (4,101).

2. Жаңа жетістік, жаңа табыс .

Бір дел-салдық басып тұр тау-алыпты,

Бар тыныштық осында қамалыпты.

Құжыр-құжыр жартастар ұмсынады,

Ұғатындай ұлы бір жаңалықты (1,197).

Жүсіп жыр мен жырдың жалғасып, жымдасып бітетін жерінде прозаға басып, әлқиссалап та жіберді.

Бұл жаңалық емес.

Бұл – біздің фольклорымыздың салып берген сара жолы (4, 306).

3. ауыс. Өзгеріс, өзгешелік . Күннен – бөркі, Гүлден – көркі, Тау тамаша, тау алып.

Қатпар басын, Шатқал, тасын Көрген сайын жаңалық (1,315).

Ауылда күнде бір жаңалық . Күнде жиналыс. Күнде бір өкіл (4,121).