lat: JAŃAR
ет. 1. Өсу, өркендеу, даму, көркею .
Соғыс бітті. Жаңарды өмір, Жүректің кірі жуылды.
Алып-ұшып достық көңіл,
Табысар күн туылды (1,10).
Түсінем, түлейді өмір, жаңарады ,
Жаңа өңірде жаңа оттар жанар әлі.
Нелер ұрпақ әлі де ағарады,
Секілденіп өзінің бабалары (2,233).
2. Өзгеру, басқа түрге ену .
Жапанда жалғыз жас емен,
Табылар серік қасыңа!
Жаңарып бірге күнменен,
Өсе бер толып, жасыма! (1,26).
Жаңарып кетті, жасарып кетті жан-жағым, Көрді де мына көрікті жердің жандарын. Көтеріп тұрған ырыстың мына тауларын, Арымаңдаршы, аруағым менің, арманым (3,195).