ЖАБАЙЫ

lat: JABAIY

сын. 1. Түзде өскен, тағы .

«Босуда елің Қытайға, Қырымға да?!»

Деді-ау маған, ой, тоба...Зұлым жаңа.

Аң мен құс аждаһаның мекенінде

Өлем бе жабайы боп, шынында да?! (1,194).


Ормандағы қатар өскен, қос терек боп қалыппыз.

Жабайымыз , жайыламыз, тағылармен бірге оттаймыз, қарықпыз (3,293).


2. ауыс. Тұрпайы, дөрекі .

Бұл өлеңнің жалаң, жабайы айтылған уағыздығы өз алдына, тіптен өлеңдік құрылымының өзін талдап жату, ауызекі айтылатын сөз арасындағы логиканы іздеп жату бос әурешілік (4,299).