ЖАЛБЫЗ

lat: JALBYZ

биіктігі 20-60 см-дей тік өсетін төртқырлы сабағы бар көп жылдық өсімдік. Тамырлары көлбей тарамданып, үзын болып өседі. Гүлдері ұсақ, қызылжасыл түсті, масақ тәрізді сабақ басында орналасқан. Маусым айынан кыркүйекке дейін гүлдейді. Дәрілік есебінде оның жапырағы пайдаланылады. Жалырақта 2,5-3,0 %, гүлінде 4-6%, сабағында 0,3% эфир майлары ашы жалбыздың хош иісі бар түссіз сұйық бар. Эфир майларынан дәрілік қасиеті бар ментол препаратын жасайды. Ментол салқын тигенде. бауыр, асқазанның кейбір ауруларын емдеуге қажет. Жалбыздан тұнба дайындау үшін оны кептіріп, ұсақтайды, содан кейін үстіне бір стақан қайнаған суға бір шай қасық. Жалбыз салып 15-20 мин тұндырады. Тұнбаны жеке ыдысқа сүзіп алып күніне үш-төрт мезгіл, тамақтанудан жарты сағат бұрын бір ас қасықтан ішу қажет. Жалбыздың 20-25 түрі бар. Жалбыз майы (эфир майы), оның гүлдерінен және көк массасынан алынады. Май вапидол алуда, тіс пасталарын өндіруде және кейбір кондитер өнімдерін (жалбызды кәмпит, карамель және т.б.) дайындауда қолданылады. Жалбыздың бұрыш жалбыз, кермек жалбыз деген қолдан өсірілетін түрлері бар. Аспаздықта, кондитер өндірісінде, ликершарап өндірісінде де қолданылады. Кондитер және ликер-шарап өндірісіңде жалбыз майын ликер мен пряниктерге қосады. Аспаздықта тек бұйра (ағылшын) және алма жалбызы қолданылады, олар қыздырған кезде ащы дәм бермейді. Ұнтақ күйінде ет турамаларына, балғын күйінде ет және сүт қышқылды көжелерге, салаттарға қосады. Әсіресе әзірбайжан аспаздығында кең қолданысқа ие.