lat: JALQAÝ
сын. 1 . Жұмысқа мойны жар бермейтін, еріншек, бойкүйез.
Жалқау ма өзі бұ халық.
Қарашы анау Кекілді.
Ала-құла суғарып, Ашуымды келтірді... (2,306). Қара басын күйіттеген сәнқұмар да, жанқұмар, Жатып ішер жалқаулар бойын оңай алдырар – Желге түтін, суға із соңдарында қалдырар (5,113).
2 . ауыс. Тым, баяу, жай .
Ауру адам тамырындай қыбырлап,
Жалқау Шуша әзер-әзер ағады.
Жел тайгаға, тайга желге сыбырлап,
Сібір қалғып барады (1,106).
Сиырлар ауыл іргесіндегі қырқамен өріске қарай жалқау маңып барады (4,145).