lat: JAMYLǴY
зат. Бір нәрсені жауып, бүркеп тұрған зат, жапқыш .
Ымырт ауыр салмақпен далаға енді,
Қап-қара жамылғысын ала келді.
Ауылына жетті де сәби ана,
Ойыншығын құшақтап қала берді (1,290). Тәңірінің құлдарының құлы құмды қаптырған, Сорлы да бар Арнодан Баккильонға шаптырған, Тәннің таза жамылғысын сонда былғап лақтырған (5,73).