lat: JAQYN
зат. 1 . Туған, туыс, ағайын .
Қырқа бар Алматының шығысында,
Жатыр сонда жақының , туысың да.
Бұл ғаламды місе етпес қайран жүрек,
Қайтіп жатыр аядай қуысында?! (2,144).
Әкемнің өзімен бірге туған жанашыр жақыны жоқ болатын (4,120).
2 . Араласып, сыйласып, бірге жүріп-тұрған, ниеттес, тілеулес адам .
Жақыным болам десе жатсынбаған,
Астындағы Аласын сатсын маған.
Құйын қуған келімсек кер кедейді Алласы асыра деп тапсырмаған! (1,190).
Жылдар бойы бірге жүріп, бір күлген, Жақыныңның жат боларын кім білген. Адамдарды зерттей алмай жүрмін мен,
Оны зерттеу мүмкін емес, білдім мен (3,105).
3. ауыс. Көңілдес адам, ашына .
Ауылдың жаяу өсегі Жыр қылып айтты жастықты.
Ақжанмен жақын деседі,
Жаңадан келген бастықты (2,319).