lat: JAQYN
сын. 1 . Аралары алыс емес (қашықтық).
Жақын өсіп жас шыбық бала талға,
Оянатын екеуі ала таңда.
Тағдырымды сонда мен табыстаппын,
Сезімі бар, сенімі жоқ алақанға (3,156).
Асанчик, апай шаршады ғой, шарап алып келе қойшы.
Дүкен жақын ба еді, апай? (4,211).
2 . Таяу, жуық (уақыт) .
Әлсіз жүрек.
Әйнектен қарайды ақын.
Өмір.. Өлім... Арасы қалай жақын ! (3,38).
Ертең ерте ақиқат түсімізге енсе егер,
Жақын күндер бірінде жаның сезіп, теңселер – Басқалардан құнығып,
Прато да көрсе егер (5,122).